Парасаттау, милану, ойлану, парықтау

lat: Parasattaý, mılaný, oılaný, paryqtaý

Ақылға салу, толғану. Қазір отырып дусыз-дүрмексіз оңашада қайтадан парасаттайды (Д. Әбілев). Әдетте дәлелсіз, дәйексіз жазылған сынға оқушы илана бермейді, мшана бермейді (М. Әлімбаев). Терезеге қарап отырып, ұзак ойланып, ақыры осыған келісті (Қ. Асанов). Онда менің жас уақытым ғой, бірдеңені парықтайтын кезім бе екен (Ө. Қанахин).